АШМ биылғы егін жинау науқанында рекордтық көрсеткіштен үмітті
Диқандар үшін алдағы орақ маусымы оңайға соқпауы мүмкін. Себебі, синоптиктер елдің солтүстік, батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс таулы өңірлерінде бір ай бойы жиі жаңбыр жауады деген болжам жасады.
Сондықтан шаруалар астық жинайтын қолайлы күндерді тиімді пайдалануы керек. Ал Ауыл шаруашылығы министрі осыған қарамастан, биылғы егін жинау науқанында рекордтық көрсеткіштен үмітті. Қазір 10 млн гектардан 15 млн тонна астық бастырылыпты. Ішкі қажеттілікті өтеу үшін тағы 9 млн тонна өнім керек.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
- Қазірдің өзінде 700 мың тонна майлы дақылдар жиналды. Жалпы биыл майлы дақыл тұқымының шамамен 4 млн тонна көлемінде рекордтық түсімі күтілуде. Сондай-ақ 1,8 млн тонна картоп, 2,9 млн тонна көкөніс, 2,2 млн тонна бақша өнімдері жиналды.