Павлодарда жылу желілерінің 92%-ы тозып кеткен
Павлодар облысында жылу желілерінің тозу деңгейі шамамен 92 пайызға жеткен. Осыған байланысты өңірде инфрақұрылымды жаңғырту мақсатында жаңа жобалар жүзеге асып жатыр.
Солардың бірі жаңа жылу магистралінің құрылысы. Бұл жоба қараша айында қолданысқа беріледі. Нәтижесінде желілердің тозу деңгейі 77 пайызға дейін төмендемек.
Мақпал Қаржаубай, қала әкімінің баспасөз хатшысы:
- 2025 жылғы жылыту маусымының үзіліссіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында «Павлодар жылу желілері» ЖШС биылғы жылы 230 нысанда жалпы ұзындығы 3,9 шақырымды құрайтын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар ұзындығы 408 шақырым болатын желілерде ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды.