Елордада ескерткіштерді қалпына келтіру апталығы басталды

Елордада ескерткіштерді қалпына келтіруге арналған «Тарих пен мәдениет тынысы» апталығы басталды. Науқан «Таза Қазақстан: Таза Астана» экологиялық бағдарламасы шеңберінде өтіп жатыр.

Мәдениет пен өнер саласының өкілдері қолына күрек пен тырма алып, Қаламгерлер аллеясын қоқыстан тазартты. Акция аясында қаладағы 60-қа жуық ескерткіш пен 33 мәдени мұра нысаны қамтылады.

Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның халық әртісі:

- Таза Қазақстан - барлық қазақстандықтың міндеті және парызы. Бүгінгі сенбілікке Астана филармониясының ұжымы келіп отыр. Керемет күн, керемет көңіл.

Ақерке Тұяқбаева, қалалық Мәдениет басқармасы бөлімінің бас маманы:

- Бүгінгі күні Астана қаласының Мәдениет басқармасы мен оған қарасты 14 мекеме қызметкерлері барлығы Қаламгерлер аллеясында жиналды. Себебі мұнда 1 емес, 2 ескерткіш орналасқан. Олардың бірі - Алаш қайраткерлері болса, екіншісі - үш Арыс ескерткіші.