Елде 9,2 млн адам жұмыспен қамтылған
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес Қазақстанда былтыр ауыл шаруашылығынан бастап жоғары технологияларға дейінгі салаларда 9,2 миллион адам жұмыс істейтіні ресми тіркелген.
Оның ішінде 7 миллион адам жалдамалы жұмыстарда істесе, 2,2 миллион адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған. 2023 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда біздің елімізде жалпы жұмыспен қамту 2024 жылы 134,6 мың адамға өскен екен..
Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі яғни, 16,8%-і сауда саттық саласында, 13,1%-і білім беру, 12,3%-і өнеркәсіп және 11,1%-і ауыл шаруашылығы салаларында нәпақа тауып жүр. Сонымен қатар жұмыссыздық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 0,1%-ке төмендеп, 4,7%-ке түсті.
Биыл Жұмысшы мамандықтар жылы екенін әмбеге аян. Жұмысшы мамандықтардың мәселесін шешіп, мәртебесін көтеруге 20 өңір мен 13 мүдделі министрлік жауапты. Барлыға 7 бағыт, 70 іс-шара қамтылды. Мақсат айқын. Биыл мектептерде 1 мың бейінді сынып құру межесі бекіді. Соның 800-ден астамына қол жетті.