Бес жылда 557 кәсіпорынға қолдау жасалды
Айта кету керек, отандық өнімнің шеттегі саудасын жолға қою үшін елімізде арнайы экспорттық акселерация бағдарламасы қабылданған.
Мемлекеттік қолдау жобасы 2020 жылдан бері Президент тапсырмасымен іске асырылып келеді. Өнім өндірушілер арнайы іріктеуден өткеннен кейін тауарды талдау, нарықты зерттеу, маркетингтік кампания жүргізу және серіктестік орнату сияқты процестерді қамтитын оқыту бағдарламасынан өтеді.
Бес жылда 557 кәсіпорынға қолдау жасалды. Бастапқыда 25 кәсіпорын тіркелсе, араға бір жыл салып 100-ден астам тауар өндіруші бағдарламаға қатысты. Содан бері көмек алғандардың қатары өсе берді. Әсіресе, 2022 жылы 200-ге жуық компания осы мүмкіндікті пайдаланған. 2023 жылы 111, 2024 жылы 120 кәсіпорын тауарын сыртқа саудалаудың жолдарын меңгерген. Биылғы ақпаннан бері акселерация бағдарламасына 120 өнім өндіруші қатыстырылды. Оған қоса тағы 20 кәсіпорын резервке алынған екен.
Экспорттық акселерация бағдарламасы / 2020-2025 жж
Ұзын саны: 557 кәсіпорын
2020 жыл – 25 кәсіпорын
2021 жыл – 101 кәсіпорын
2022 жыл – 190 кәсіпорын
2023 жыл – 111 кәсіпорын
2024 жыл – 120 кәсіпорын
2025 жыл – 120 кәсіпорын + 20 резевр
Экспорттық нарықтар
Соңғы 4 жылда қай елге, қандай тауар жеткізілген екен? Сыртқы нарық пен өнім түрлеріне үңіліп көрсек. Акселерация бағдарламасы енді қолға алынған жылы Қытайға тамақ өнімдері саудаланды. 2021 жылы өнім түрлері де, сыртқы нарық та кеңейе түскен. Тамақ және жеңілөнеркәсіп өнімдері, химия, машина құрастыру өнімдері мен кей қызмет түрі шетке жеткізіліпті. Олар Қытайдан бөлек, Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан, Қырғызстан нарығында саудаға шығарылған. 2022 жылы сыртқы нарықтардың тізіміне Сауд Арабиясы, Әзербайжан, Украина елдері қосылды. 2023 жылы олардың қатарын Түркия мен Вьетнам, ал былтыр Италия, Германия мен Қатар толықтырды.
Экспорттық акселерация бағдарламасы /2020-2024 жж
2020 жыл – тамақ өнеркәсібі – нарық: Қытай
2021 жыл –тамақ, жеңіл өнеркәсіп, қызмет көрсету, химия, машина құрастыру
Нарықтар: Қытай, Ресей, БАӘ, Өзбекстан, Қырғызстан
2022 жыл – тамақ, жеңіл өнеркәсіп, қызмет көрсету, химия, машина құрастыру
Нарықтар: Қытай, Ресей, БАӘ, Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Әзербайжан, Украина
2023 жыл –тамақ, жеңіл өнеркәсіп, қызмет көрсету, химия, машина құрастыру
Нарықтар: Қытай, Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, БАӘ, Сауд Арабиясы,Түркия, Вьетнам
2024 жыл – тамақ, жеңіл өнеркәсіп, қызмет көрсету, химия, машина құрастыру
Нарықтар: Қытай, Ресей, Өзбекстан, БАӘ, Сауд Арабиясы, Италия, Германия, Қатар