Келесі жылдан бастап жаңартылмаған базарлар жабылуы мүмкін
Келер жылдан бастап базарларды жаңғырту жұмыстарын аяқтамаған кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды 24kz.
Талапты мүлде орындамағандар сауда орындарының қызметін уақытша тоқтатып, кейін толық жабуы мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев мәлімдеді. Биыл елде 100 базарды жаңғырту жоспарланған. Оның 57-сінде ғана құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Ернұр Жәутікбаев елде сауда қызметтерінің ұлттық стандарты енгізілгенін айтты.
Ернұр Жәутікбаев, ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары:
- Базарларға 11 жаңа талап қосылды, бұл тексерулердің тиімділігін арттырады. Базар әкімшілерінің тең қолжетімділікті бұзғаны, жалдау шартын жасасудан бас тартқаны, уақтылы жаңғыртпағаны үшін әкімшілік жауапкершілік бар. Сондай-ақ заңсыз жұмыс істейтін базарлардың қызметін тоқтата тұру туралы өтінішпен сотқа талап қою мүмкіндігі көзделген.