Биыл қуаңшылықтан зардап шеккен шаруалар ₸456 млн төлем алады
Биыл қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға агро-сақтандыру жүйесі арқылы 456 млн теңге көлемінде төлем жасалады.
Өтемақы 391 мың гектар сақтандырылған егістіктің 172 мың гектарына беріледі.
Ең көп төлем алған өңірлер Қостанай - 228 млн, Ақтөбе - 114 млн, Ұлытау - 9 млн, Батыс Қазақстан - 96 млн теңге.
Мәселен, Батыс Қазақстан фермерлері 9,2 млн теңге сақтандыру жарнасын төлеп, он есе көп өтемақы алды. Ал ұлытаулықтар 670 мың теңге құйып, 9 млн теңгеден аса қаржыға ие болды. 2020 жылдан бері фермерлер 2,2 млрд теңге жарна төлеп, 7,5 млрд теңге төлем алды. Барлық процесс цифрландырылған. Топырақтағы ылғал деректері Planet Labs спутниктері арқылы жиналады.
Ең көп төлем алған өңірлер:
Қостанай - 228 млн тг
Ақтөбе - 114,4 млн тг
Ұлытау - 9,4 млн тг
БҚО - 96,2 млн тг