Алматыда логистикалық көрме өтті
Әлемнің 21 елінен келген 300-ден аса компания Алматыдағы TransLogistica Kazakhstan 2025 халықаралық көрмесіне қатысты.
Шара көлік апталығы аясында өтіп жатыр. Бұл Орталық Азиядағы жыл сайын ұйымдастырылатын көрмелердің бірі. Мұнда логистика нарығында жұмыс істейтін компаниялар жаңа шешімдер мен тың жобаларын ұсынады. Қатысушылардың 40 пайызы - қазақстандық кәсіпорын. Көрмеге Беларусь, Литва, Латвия және Эстониядан келген сала мамандары қатысты. Биыл алғаш рет Пәкістаннан да делегация келді.
Гүлзана Әбдішәріпова, Көрмені ұйымдастыру комитетінің өкілі:
- Жыл сайынғы көрме отандық көлік саласының дамуына, бизнес пен халықаралық байланыстың нығаюына үлес қосады. Жүк иелерімен тікелей кездесуіне, бірлескен тасымал ұйымдастыруға серіктес табуға мүмкіндік береді. Өйткені көрмеге қатысушылардың шамамен 80 пайызы – жүк тасымалымен айналысатын логистикалық компаниялар.