Кім донор бола алады?
Қазақстанда әр азамат өз еркімен қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісімін бере алады немесе бұдан бас тартып, алдын ала белгілей алады.
Мұны онлайн egov.kz портал арқылы жасауға болады. 18 жастан 62 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтары донор болуға құқылы. Айта кетейік, адам көзі тірісінде донорлыққа келісімін беріп кетсе, ол өмірден өткен соң, трансплантация жасау үшін жеке басы ресми түрде расталуы керек, ал дәрігерлер мидың өлімі жайлы хабарлауға міндетті.
Донор болу шарттары
ҚР азаматы
Жасы 18-ден 62 жасқа дейін
Жеке басын сәйкестендіру
Мидың өлімі тіркелу керек