Сарапшы: Энергетикаға ЖИ қажет

Энергетика саласында кадр тапшылығы мәселесі Қазақстанда да, Ресейде де, әлемнің басқа елдерінде де өзекті. Осыған байланысты бүгінде жасанды интеллект технологияларына сұраныс жоғары.

Бір ғана оператор бірнеше қызметкердің жұмысын санаулы пернелерді басып басқара алады. «Бұл тұста энергетиктердің АІ саласындағы білімі мен біліктілігін жетілдіру қажет», - дейді ресейлік сарапшы Денис Онацик.   

Денис Онацик, Ресейдегі АІ агенттігінің өкілі:

- Энергетика мен жасанды интеллект тақырыбына тоқталсақ, Big Data негізінде ақпарат жинау арқылы тиімді әрекет етіп, оңтайлы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Біздің компания энергожүйенің цифрлық сыңарын ұсынады. Мұның арқасында шағын станциялардың санын қысқартып, біршама қаражат үнемдеуге болады. Алдағы 10 жылда қуат пайдалану көлемі 50 пайызға артуы мүмкін. Түйткілді шешу үшін қуат көздерін ұлғайтып қана қоймай, үнемдеуді де үйрену керек. Ал үнемдеу саясатын жасанды интеллект қана жақсы жүргізе алады.