Ақтауда «Қорқыт ата» кинофестивалі аяқталды
Ақтауда «Қорқыт ата» кинофестивалі қорытындыланды.
Халықаралық шара бағдарламасына 50-ге жуық фильм енді. Фестивалдің жабылу салтанаты “Достық” үйінде өтіп жатыр. Сол жерден әріптесім Талғат Исламұлы қазір бізбен тікелей байланысқа қосылды.
Талғат Исламұлы, тілші:
- Биыл түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесі берілген Ақтау қаласы осы аптада түркі тілдес мемлекеттердің киноорталығына айналды. “Қорқыт ата” кинофестивалі осымен бесінші рет ұйымдастырылды. 2 қазаннан бері киносүйер қауым бауырлас әзербайжан, қырғыз, өзбек тағы басқа елдердің киноөнер шеберлері түсірген фильмдерді көрді. Байқау аясындағы және байқаудан тыс кинотуындыларды халықаралық қазылар алқасы саралады. Оның қорытындысы жайлы кинотанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Назира Мұқышевадан сұрап білейік. Айтыңызшы, үздік кинофильмдерді анықтау кезінде неге басымдық берілді?
Назира Мұқышева, қазылар алқасының мүшесі, кинотанушы;
Талғат Исламұлы, тілші:
- «Қорқыт ата» фестивалі бұған дейін Түркияның Ыстанбұл және Бурса шаһарында, Әзербайжандағы Шуша және Түркіменстанның Анау қаласында өтті. Биыл «Маңғыстау жүрегінен - түркі әлемінің жүрегіне» атауымен Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылды. Шара аясында түркі әлемінің кино қайраткерлерімен шығармашылық кездесулер, киносаммит өткізілді. Шетелден келген делегациялар Маңғыстаудың таңжағайып табиғатын тамашалап, бірлескен кино түсіруге уағдаласты.