Атырауда «Тәртіпті өзіңнен баста» акциясы өтті

Атырауда «Тәртіпті өзіңнен баста» атты кең көлемді акция өтті. «Заң мен тәртіп» жобасы аясында ұйымдастырылған шараға болашақта полицей болуды армандайтын оқушылар қатысты.

Олар тәртіп сақшыларының күнделікті жұмысымен танысып, заманауи техникалық жабдықтар мен арнайы көліктерді көрді. Қазір облыстағы Жастар ресурстық орталығының құрамында 200 мыңнан астам жас бар. Орталық жанында түрлі бағытта жұмыс істейтін 6 ұйым белсенді қызмет атқарады.

Әли Асқарұлы, Жастар ресурстық орталығының маманы:

- Көпшілігі болашақта полиция қызметкері боламын деген мақсатпен келіп отырған жастар. Жалпы Жастар ресурстық орталығында «Жаңа жастар» деген волонтерлік ұйым бар. Бұл ұйымға 14 жастан бастап мүше болуға болады. Жастар орталығында көптеген курстар, семинарлар, тренингтер ұйымдастырылып жатыр.