Жетісу облысында газ құбырының құрылысы аяқталды

Талдықорған-Үшарал магистральді газ құбырының құрылысы аяқталды.

300 шақырымнан асатын құбыр желісі Жетісу облысының 84 ауылдық округін газбен қамтиды. Сонда 130 мыңнан аса үй күл шығарудан құтылады. Бұл - аймақ тұрғындарының тұрмыс сапасын арттырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін маңызды қадам. Жоспар бойынша жоба 2026 жылы бітуі тиіс еді. Алайда, үйлесімді еңбектің арқасында құрылыс биыл қыркүйек айында толық аяқталды. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылды. Магистраль бойында «Қапал», «Жансүгіров», «Сарқан», «Қойлық», «Қабанбай» және «Үшарал» газ тарату станциялары салынды. Барлығында да заманауи автоматтандырылған жүйе орнатылды.

Меделхан Мырзаханов, "Интергаз Орталық Азия" АҚ алматы филиалының бас инженері:

- Екі сменда жасалынды. Түнгі және күндізгі. Жетісу өңірінде осы магистральдық газ құбыры салыну арқылы толыққанды газдандыруға қолжетімді болады. Газ тарату құбырлары осы ГРС-тардан ары қарай тартыла береді.