Елде интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Олар Қаржылық мониторинг агенттігің атынан хабарласып, өздерін “заңгер” немесе “тексеруші маман” ретінде таныстырады. Әрі қарай “тұлғаның әлдебір ұйымға қатыстылығына” байланысты хабарлама жібереді. Қаскөйлер көбіне қарияларға хабарласып, оларды үркітіп-қорқытуға тырысады. Сондықтан агенттік кибераляқтардан сақ болуға шақырады. Қаржылық мониторинг агенттігі мұндай хабарламаны жібермейді, SMS-кодтар мен құжаттарға қатысты құпия ақпаратты талап етпейді.