Республика күні - ұлт бірлігінің нышаны. Сауалнама

Республика күні мерекесінде Абай облысында 100-ден астам мәдени -ағарту және спорттық шаралар өтеді.

Мерекелік концерт пен көрме-жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Аудандар мен ауылдық округтерде де түрлі іс-шара жоспарланған. Әр салада еңбек етіп жүрген үздік қызметкерлер мен ардагерлер марапатталады. Құрылғанына 3 жыл болған облыстың тұрғындары ұлт бірлігінің нышанына айналған Республика күнінің мән-маңызын жақсы түсінеді.