Елде 13 мың шақырым автожол жөнделеді

Биыл елде 13 мың шақырымға жуық автожол жөнделіп жатыр.

Жыл соңына дейін 6,1 мың шақырымдық жол жұмыстарын аяқтау жоспарда бар. Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру үшін жалпы ұзындығы 2 мың шақырым болатын жаңа 10 жол учаскесінде ақы енгізілді. Нәтижесінде, төлеп жүретін жолдардың жалпы ұзындығы 3,2 мың шақырымнан 5,2 мың шақырымға дейін ұлғайды.