Цифрлық теңге түрлі бағытта сыналды
Елде Цифрлық теңге бірнеше бағыт бойынша сынақтан өтуде.
Атап айтқанда, қосылған құн салығын қайтару мерзімін 75-тен 5 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Жолдарды жөндеуге арналған қаражатты таңбалау Павлодар – Атырау және Мұқыр – Құлсары жобаларының мысалында сыналды. Цифрлық теңгені енгізу басқа бағыттарда да пысықталуда. Олар - жылжымайтын мүлікпен және автокөлікпен жасалатын мәмілелер, мектептегі тамақтану, қымбат тауарларды сатып алу, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік кредиттеу құралдары.