Түркістан өңірінде жер сілкінді

Ауғанстанда болған жер сілкінісі біздің елге дейін жетті.

Жалпы зілзаланың магнитудасы 6 балл шамасында. Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 1079 км жерде Ауғанстан аумағында тіркелді. Магнитудасы 2 балдық тербеліс Шымкент, Жетісай, Шардара қалаларында сезілді. Төтенше жағдайлар қызметі зардап шеккен және қираған ештеңе жоқ екенін хабарлайды.

Дүйсен Оразгелді, Түркістан облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы

- Биылғы жылдың 3 қарашасында Түркістан облысында сағат 01:29-да жер сілкінісі болды. Мақтаарал ауданында 2 балл, Жетісай ауданында 2 балл, Шардара ауданында 2 балл тіркелді. 112 телефонына хабарлама түскен жоқ. Зақым келген ғимараттар тіркелмеді. Жер сілкінісі болған жағдайда үйде болсаңыздар  қауіпсіз аймаққа шығуды қамтамасыз ету керек. Көлікте келе жатсаңыздар көліктен түсіп қауіпсіз аймаққа шығу керек.