Жалған маманнан зардап шеккендер көп 

Құқықтық-заңнамалық тәртіптің реттелмеуі – көлденең көк аттының психолог пен коуч болуына мүмкіндік беріп отыр. Жыл басынан бері Заң консультанттары палатасына псевдо-мамандардан зардап шеккендерден 100-ден астам шағым түскен. 

Тұрғындар құны 50 мың мен бір миллион теңгеге дейінгі  курстардың пайдасына сеніп, сатып алған. Кейбірі тіпті сол үшін несие рәсімдеген екен. Заңгерлер бұл тұста арнайы заңның керектігін алға тартады. Сонымен қатар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру қажет, дейді.

Аржан Сәдуақас, заңгер:

- Азаматтар құқықтық сауаттылығын жеке өздері көтеруі керек. Себебі адам кәмелет жасқа толған соң саналы түрде өзінің білімін көтере алады әртүрлі бағыттарда. Қазір ақпарат өте көп. Ақпараттың керегін алып көруге болады. Айтып жатқан заң қажет. Себебі жалған психологтардың және жалған коучтардың әрекеттерінен қоғамда азаматтар зардап шегіп жатыр. Отбасылар ажырасып, біреулер депрессияға кіріп кетіп жатыр, одан бөлек те зияндары тиіп жатыр. сол себептен мұны реттеу қажет.