Ресейде Қазақстан жүк тасымалдаушыларына лимит көбейеді

Қазақстандық жүк көліктерінің Ресейде болу мерзімі екі есеге дейін ұзартылуы мүмкін, деп хабарлайды 24KZ. Қазір көрші ел билігі жүк тасымалдаушылардың өз аумағында жылына 180 күн болуына рұқсат беру мәселесін қарастырып жатыр.

Бұл туралы үкіметаралық комиссия отырысында айтылды. Жыл басында Ресейде көші-қон заңнамасына өзгерістер енгізіліп, шетелдік азаматтар үшін жылдық лимит 180 күннен 90 күнге дейін қысқарған еді.