Маңғыстау облысында тендердегі заңбұзушылықтар анықталды

Маңғыстау облысының прокурорлары мемлекеттік сатып алу саласындағы заңбұзушылықтардың алдын алды.

Сатып алынатын зат пен қызмет түріне   негізсіз баға белгілеу дерегі барлық ауданда анықталған. Конкурсты дер кезінде тоқтатпағанда, бюджеттің 9 млрд теңгесі мақсатсыз жұмсалатын еді- дейді мамандар. Бір мысал,   Ақтау әкімдігі әрқайсы 6,7 млн теңгеге бағаланған 12 киіз үй сатып алмақ болған. Алайда оның  нарықтағы құны төрт есе арзан болып шықты. Қала көшелеріне қойылатын жерасты қоқыс жәшіктеріне де жоғары баға қойылғаны белгілі болды. Прокурорлық қадағалаудың нәтижесінде 34 лауазым иесі әкімшілік жауапқа тартылып, тағы жүзден астам адамға тәртіптік шара қолданылды.    

Олжас Айтуар, облыстық Прокуратураның басқарма прокуроры:

- Ақтау қаласының жергілікті атқарушы органымен нәтижесінде, прокуратураның қадағалау актісімен аталған аталған сатып алу күшін жойды. 81,4 млн теңгені құрайтын бюджет қаражаты үнемделді. Тауарлардың жоғары бағалануы, артық және қажеттілігі жоқ тауар, жұмыс және қызметтерді сатып алуды жоспарлау, сондай-ақ бюджеттік өтінімсіз негізсіз қаражаттың бөлінуі деректері анықталды.