Қазақстан қаржы саласындағы үздіктер қатарында
Қазақстан цифрлық қаржы жүйесін қолға алған әлемдегі санаулы елдердің бірі.
Қазірдің өзінде бірқатар мемлекеттер өз цифрлық валюталарын ресми түрде айналымға енгізіп үлгерген. Мәселен, Қытай 2020 жылдан бастап цифрлық юаньді бірнеше қалада кең қолданылып келеді. Ал Нигерияның цифрлық валютасы eNaira деп аталады. Бұл Африкада CBDC енгізген алғашқы ел. Багам аралдарының Sand Dollar-ы әлемдегі алғашқы цифрлық валюталардың бірі. Ямайка да замана көшіне ілесіп, JAM-DEX валютасын енгізді. Белиз, Антигуа және Барбуда, Сент-Люсия бірлесіп DCash цифрлық валютасын пайдаланады.
Енді цифрлық валютаны пилоттық режимде қолданып жатқан елдерге тоқталсақ. Қазақстанда цифрлық теңге 2023 жылдан бастап сынақ режимінде іске қосылды. Ресей де цифрлық рубль жобасының пилотын қолға алған. Одан бөлек Үндістан, Оңтүстік Корея, Бразилия, Түркия, Оңтүстік Африка елдері де өз CBDC жобаларын іске асырып жатыр. Цифрлық валюталарды зерттеу кезеңіндегі елдер де бар. Бұл қатарға АҚШ, Еуропалық Одақ, Ұлыбританияны жатқызуға болады.
Цифрлық валютаны ресми енгізген мемлекеттер:
Қытай - цифрлық юань (e-CNY)
Нигерия - eNaira.
Багам аралдары - Sand Dollar
Ямайка - JAM-DEX
Белиз, Антигуа және Барбуда, Сент-Люсия – Dcash
Пилоттық кезеңдегі мемлекеттер:
• Қазақстан - цифрлық теңге
• Ресей - цифрлық рубль
• Үндістан, Оңтүстік Корея, Бразилия, Түркия, Оңтүстік Африка - CBDC жобалары.
Зерттеу кезеңіндегі елдер:
АҚШ - цифрлық доллар
Еуропалық Одақ - цифрлық еуро
Ұлыбритания - цифрлық фунт.