Елімізде әр сала бойынша орташа жалақы көлемі қанша?
Үкіметтің жаңа бағдарламасында халықтың нақты табысын 2-3 пайызға арттыру көзделген. Осы ретте елде әртүрлі сала мамандарының орташа айлық жалақысына сараптама жасап көрейік.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, биыл орташа айлық жалақының ең жоғары өсімі ақпарат және байланыс – 21,5%, ауыл, орман және балық шаруашылығында – 18,4%, көлік және жинақтау саласында – 17,6% шамасында тіркелген. Ал білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала қызметкерлерінің айлық табысында жылдық айырмашылық көп емес.