Белгілі журналист Диля Ибрагимова өмірден өтті

Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі тележурналист Диля Ибрагимованың өмірден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Ол 2001-2007 жылдар аралығында «Хабар», кейін «КТК» телеарналарында спорт жаңалықтарын жүргізді. Отандық спорт журналистиканың дамуына зор үлес қосты. Марқұмның ет жақындары мен әріптестеріне біз де «Хабар» Агенттігі атынан көңіл айтамыз.