Алматы-Новосібір бағытына жаңа вагондар қосылды
Бұдан былай Алматы-Новосібір бағыты бойынша қатынайтын жолаушылар пойызы толық жаңартылған вагондармен жүреді. Петропавлда құрастырылған 20 жаңа вагон бүгін Алматы вокзалынан жолға шықты. Жұп күндері жүретін пойыз бір рейсте шамамен 400 жолаушы тасымалдайды.
Жаңа вагондар қауіпсіздік пен қолайлылық талаптарына сай жабдықталған. Әр жатын орында жеке шам, USB-порт және климатты бақылау жүйесі бар. Арбаға таңылған мүгедектігі бар кісілер үшін арнайы орын және жолсерікті шақыру түймесі қарастырылған. Жалпы «Жолаушылар тасымалы» АҚ жыл соңына дейін тағы 60 вагонмен толығады.
Руслан Жалғасбай, «Жолаушылар Тасымалы» АҚ «Оңтүстік» Филиалының Директоры:
- Екі жүзден астам вагон жаңарып жатыр. Жазда осы маусым айында 30 вагон беріліп, «Алматы-Саратов» пойызын жаңартқанбыз. Қазір жаңа вагондарымыз сол бағытта жүріп жатыр. 2030 жылға дейін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бүгін вагондарымыз жаңартылады.