Қазақстандағы цифрлық өнімдерге сұраныс артты

Халықаралық OPSI платформасы Қазақстанның e-Qyzmet ақпараттық жүйесін енгізу бойынша сараптамалық материал жариялады.

Осылайша отандық платформаға шет мемлекеттер тарапынан қызығушылық артты. e-Qyzmet жүйесі HR-процестерді толық автоматтандырып, кадрлық деректерді орталықтандырады. Бюрократиялық кедергілерді жойып, субъективті шешімдер қабылдау тәуекелін барынша азайтады. Біздің елде осы платформа барлық мемлекеттік мекемедегі 400-ден астам процесті және HR-рәсімдерді қамтиды. Айта кету керек, Қазақстанның цифрландыру саласындағы жетістіктерінің халықаралық деңгейде мойындалуы еліміздің Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы бастамаларындағы, әлемдік сараптамалық алаңдардағы позицияларын нығайтуға мүмкіндік береді.