Астана тұрғындары Президент қызметін қалай бағалайды?

Қазақстан жаһандық жақсылықтан қалыс қалмауы тиіс. Жұртшылық дипломатиялық қатынасты осылай түсінеді. Президенттің шет елдерге сапарын әлеммен көпір орнату деп біледі. Ал алыс-жақын мемлекеттер басшыларының Астанаға ат басын бұруын нәтижелі уағдаластыққа балайды.