Қызылорда облысында су қоймасы салынады

Қызылорда облысында суармалы су тапшылығын жою мақсатында, су қоймасын салу жоспарланып отыр. «Қараөзек» су қоймасының жобасы дайын тұр. 

Нысан пайдалануға берілген кезде Қараөзек каналы бойындағы шабындықтар, жайылымдар мен шағын көлдерге су молынан беріледі. Қойманың қуаттылығы 775 миллион текше метр су жинауға жетеді. Соңғы жылдары Сырдарияда су деңгейі төмендеп, салдарынан күріш алқаптары азайып кетті. Мысалы, биыл облыс бойынша егістік алқабы 4 мың 700 гектарға дейін қысқарған. Қазалы ауданының өзінде 500 гектарға азайды. 

Ғалымжан Еркебай, Облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

- Су ресурстары және Ирригация министрлігімен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде. Аталған жоба келесі 2026 жылы іске асады деп отырмыз. Жоба бекітілген. Қазіргі таңда қаржыландыру бөлініп алса, келесі 2026 жылдан бастап құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.