Астанада бастауыш сынып оқушылары қашықтан білім алуға көшірілді
Бүгін Астанада бастауыш сынып оқушылары қашықтан білім алуға көшірілді. Бұл туралы қалалық білім беру басқармасы хабарлады. Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болды.
Қазір елордада термометр 20 градус аязды көрсетіп тұр. Арқамен қатар солтүстік өңірлерде де аяз күшейді. Елдің оңтүстігінде кей аудандарда бұрқасын соғып, қар жауады. Батыста қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.