Жетісу облысында қар құрсауынан 6 адам құтқарылды

Үшарал мен Достықтың арасында 6 адам далада қалып қойған.

Бұл Жетісу облысының Алакөл ауданының аумағы. Өңірде бұрқасын соғып тұр. Ақши ауылдық жедел-құтқару бөлімшесінің қызметкерлері қарға батып қалған жеңіл көлікті тартып шығарды. Төтенше жағдайлар қызметі мұндай күндері жолға шықпауды ескертеді.