Қарағанды облысында медициналық нысандар жаңғыртылады

Қарағанды облысындағы бірқатар медициналық нысанды жаңғыртуға және жабдықтауға 7,5 млн теңге бөлінді. Илкімді бастама мемлекетке қайтарылған активтер есебінен іске асады. 

Атап айтқанда, Қарағандыдағы жаңа онкологиялық орталықты заманауи жабдықтармен қамту үшін 6 млрд теңге жұмсалып отыр. Сонымен қатар облыстық бюджеттен қосымша қаражат қарастырылған. Ал Балқаш қаласында жөнделіп жатқан көпбейінді аурухананың базасында медициналық хаб құрылады. Оған 1 млрд теңге бағытталған. Бұған қоса, дәл осы шаһарда балаларды оңалту орталығы ашылады. Бұрынғы шипажай ғимаратын қайта жабдықтау үшін 272 млн теңге бөлінді. Бұл жобалар жергілікті тұрғындар үшін медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді. Тиісті жұмыстар келер жылдың басында аяқталуға тиіс.