Атырау облысында жоғалған отбасы іздестіріліп жатыр 

Атырау облысында бүтін бір отбасының жоғалуы дүрбелең туғызды. Бұл іс қазір Қылмыстық Кодекстің «адам өлтіру бабы» бойынша жүргізіліп жатыр. 

Полиция жалпы ел бойынша із кесіп, отбасы мүшелерінің ұялы телефоны соңғы рет Шымкент қаласында қосылғанын анықтады. Жоғалған отбасы мүшелері Қызылқоға ауданы, Жангелдин ауылының тұрғындары. Олар, яғни әкесі мен шешесі және екі баласы қараша айында жолға шығып, одан қайтып оралмаған. Тек желтоқсан айында ұлы туыстарына хабарлама жазып, 10 желтоқсанда келетінін айтқан. Алайда одан кейін де хабар болмаған соң туыстары 25 желтоқсан күні полицияға арызданған. 

Құттыбай Садықов, облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары: 

- Түкпірлер тексерілген кезде Шымкент қаласынан ұялы құрылғылары қосылды. Сол белгілі болды. Сол себепті қазіргі кезде сол аумақта іздестіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда енді ұшқыр топ құрылды. Ішкі істер министрлігінен екі қызметкер бөлінді. Қазіргі уақытта оқиға орыны, Қызылқоға ауданында тобымыз қызмет атқарып жатыр. Сонымен қатар облыс көлемінде де атқарып жатырмыз. ҚР-ның әр түпкір-түпкірі тексерілуде.