Ақмола мен Павлодар өңірінде жолдар жабық

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының республикалық маңыздағы екі бірдей тасжолы жабылды. 

Қазавтожолдың хабарлауынша, ақтүтек боран салдарынан Астанадан «Қорғалжын» қорығына дейін апарар жолдағы қозғалысқа шектеу қойылған. Сондай-ақ Астана-Шідерті-Павлодар-Успенка және Ресей шекарасына дейінгі аралықта автожол жабылды. Бұрқасын салдарынан Павлодар облысында да қозғалыс шектелген. Атап айтқанда, Атамекен-Иртышск пен Ресей шекарасында дейінгі аралықта жол жабық.