Елімізде орташа жалақы мөлшері 10 пайызға өсті

Елімізде орташа жалақы мөлшері 10 пайызға өсті. Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сүйенсек, 2025 жылдың 3-тоқсанында азаматтарымыздың орташа айлығы 429 мың теңгені құрады. 

Ал медиандық көрсеткіш бойынша жалақы мөлшері 302 мыңға жеткен. Еңбекақы бойынша ең жоғары өсім Жетісу облысында, Астана және Алматы қаласында, сондай-ақ Павлодар мен Ақмола облыстарында тіркелді. Салалық бөлініске сәйкес, негізінен ақпарат және байланыс саласының, ауыл, орман және балық шаруашылығының, көлік және жинақтау қызметкерлерінің, өнеркәсіп саласы мамандарының айлығы өскен. Ал еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгені құрап отыр.