Жалаңаш ауылында жаңа мектеп ашылды

Арал ауданынан шалғайда жатқан Жалаңаш ауылында 150 орындық жаңа мектеп ашылды.

Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Білім ұясы «келешек мектептерінің» стандартымен, халықаралық талаптарға сай салынған. 686 тұрғыны бар елді-мекенде бой көтерген мектептің ашылуына облыс әкімі, Оқу-ағарту министрі және мәжіліс депутаттары да қатысты. Жалпы аймақта 2022-2025 жылдар аралығында  білім беру саласына 1 трлн 159 млрд теңге бөлінген.  2022 жылдан бері 42 заманауи білім беру нысаны салынды. Ал «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жобасы аясында 10 жаңа мектеп салынып, ел игілігіне табысталды. 2023 жылдан бері 9 мектеп жанынан қосымша ғимарат бой көтеріп, үш ауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі шешімін тапты.

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Оқу-ағарту министрі:

- Қызылорда облысы білім сапасы мен білім инфрақұрылым тұрғысынан көш басында. Бұл мектептің ерекшелігі -қайтарылған қаржыға салынған мектеп. Сондай-ақ «Келешек мектептің» стандартымен, халықаралық талаптарға сай салынған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан» газетіне берген сұхбатында жалпы білім саласына кең көлемде көңіл бөлінгенін атап өтті.