Елімізде энергетикалық және коммуналдық нысандар жаңартылады
Елде энергетикалық және коммуналдық нысандар жаппай жаңартылады.
Сондай-ақ ұзындығы жүздеген шақырым болатын инженерлік желілер салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы жуырдағы сұхбатында айтты. Елде бұл бағытта атқарылған жұмыстар аз емес. Айталық, қазірдің өзінде қауіпті жылу электр станцияларының саны 19-дан 10-ға дейін азайған. Нысандардың апаттық жағдайға тап болу қаупі сейіліп келеді. Дегенмен, тозығы жеткен инфрақұрылымды қалпына келтіру жеткіліксіз болып тұр. Президент ол үшін жұмыс тәсілін өзгертіп, салаға инвестиция салу үшін қолайлы жағдай жасау маңызды екенін атап өтті.