Қызылордада 100 отбасы баспаналы болды
Қызылордада «Сыр жастары» өңірлік бағдарламасы аясында 100 жас отбасы баспаналы болды.
Жаңа баспана білім, медицина, мәдениет, спорт және әлеуметтік салаларда еңбек ететін жас отбасыларға берілді. Облыста тұрғындарды тұрғын үймен қамтуға бағытталған жұмыс жүйелі жүріп жатыр. 2022–2024 жылдары тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 5 мыңнан астам пәтер табысталды. Кейінгі үш жылда барлық ауданда 1800-ге жуық жаңа баспана пайдалануға берілді. Биыл қалада тағы бірнеше тұрғын үй салынып жатыр.
Арайлым Машарапқызы, қала тұрғыны:
- «Сыр жастары» бағдарламасы арқылы бүгін жаңа пәтерлі болып жатырмын, өте қуаныштымын. Осыдан екі ай бұрын тұрмысқа шыққанмын. Қос қуанышымыз бізге қатар келіп жатыр.