Елімізде 17 мыңнан астам онлайн-казино бұғатталды

Соңғы үш айда құмар ойындарына қатысты 17 мыңнан астам сайт бұғатталды. Бұл бірыңғай есепке алу жүйесі арқысы іске асқан. 

Жүйе интернет-казиноларды автоматты түрде анықтап бұғаттайды. Ақпаратты Туризм және  спорт министрлігі өкілдері хабарлады. Елде лудоманиямен күрес бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі. Министрлік алты мың адам қатысқан әлеуметтік зерттеу жүргізіп, жастар мен оқушыларға арналған әдістемелік ұсынымдар әзірледі. 

Құмар ойындарға тәуелді адамдарға медициналық-әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетіледі. Жоспар аясында мектептерде, жоғары оқу орындарында, әскери бөлімдерде және діни ұйымдарда түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыс 2024-2026 жылдарға арналған заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы күрес жоспары аясында жүзеге асырылып отыр.