Ұлттық құрылтай: экономика және азаматтық қоғам мәселелері талқыланады
Қызылордада Ұлттық құрылтайдың секциялық отырысы жалғасуда.
Түстен кейін азаматтық қоғамды дамыту және экономика мәселелері бойынша талқылаулар басталды.
Нұрлан Жақыпбеков, тілші:
- Құрылтай жұмысы түстен кейін екі бағыт бойынша қайта жалғасуда. Біріншісі азаматтық қоғамды дамытуға арналды. Оны Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев жүргізеді. Талқылау барысында қоғаммен диалог және қоғамдық институттардың ролі сөз болады.
Сонымен қатар экономикалық даму мәселелері қаралатын секция басталды. Оған Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жетекшілік етуде. Негізгі назар экономиканы өсіру, инвестициялар, бизнесті қолдау және өңірлерді дамыту мәселелеріне аударылып отыр.
Уайс Ерсайынұлы, Ұлттық құрылтай мүшесі