Жаңа Парламенттің атауы Құрылтай болуы мүмкін
Президент саяси реформаға қатысты өз ұсыныстарын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, депутаттар санына емес, сапасына баса мән беру керек. Барлығы бірдей ортақ тәртіппен сайлануы тиіс. Оған қоса елде жаңа лауазымды қызмет пайда болады. Мемлекет басшысы вице-президент қызметі ашылатынын мәлімдеді.
Бекзат Аманов, тілші:
- Қазақстан саяси жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басады. Ал алғашқы адам, алғашқы Астана Ақмешітте жасалды. Бүгін президент ұлттық құрылтайда парламенттік реформаға қатысты ұсыныстарды айтып, өз ойын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Парламенттің атауын құрылтай деп өзгертуді ұсынып отыр. Ал ондағы мандат саны 145 болуы мүмкін. Бұған дейін қоғам өкілдері депутаттар санын 500-ге жеткізуді сұраған екен. Бірақ мемлекет басшысы саннан гөрі сапа маңызды деді.
ЦИТАТА: Тоқаев
Жұмыс тобы азаматтардың ұсыныстарын мұқият зерделеп, қызу талқылады. Ақыр соңында Парламенттің мандат саны 145 болуы керек деген байламға келді. Жаңа Парламентте Төрағаның үш орынбасары болуы мүмкін. Ал комитет саны 8-ден аспауы керек.
Депутаттар енді пропорционалды жүйе қағидатымен сайланады. Мұндай тәсіл саяси партиялардың институционалдық рөлін күшейтеді. Сондай-ақ олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырады, деді Президент. Талқылау кезінде Парламенттегі Президент квотасын қалдыру керек деген ұсыныс айтылыпты. Бірақ Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Парламент ешкімнің қамқорлығына, қадағалауына мұқтаж емес екеніне сенімді. Сол үшін депутаттардың ішінде арнайы тағайындалған «таңдаулы тұлғалар» болмауы керек деді. Олар бәріне бірдей, ортақ тәртіппен сайлануы тиіс. Соған сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы квотасы да алынып тасталады Яғни Құрылтайдың құрамынан табылғың келсе, халыққа бар, дауыс жина, еңбек ет. Келесі өзгеріс Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың қызметі аяқталады. Жаңа институт ретінде Қазақстанның Халық Кеңесін құру ұсынылды.
ЦИТАТА: Тоқаев
Қазақстанның Халық Кеңесі елдің жоғары консультативтік органы мәртебесіне ие болады. Кеңес құрамын 126 адамнан қалыптастыру ұсынылады: 42 — этномәдени бірлестіктерден, 42 — ірі қоғамдық бірлестіктерден, 42 — мәслихаттар мен өңірлік қоғамдық кеңестерден. Халық Кеңесінің барлық мүшелері Президент тарапынан тағайындалады, ал төраға оның мүшелері тарапынан сайланады.
Елде жаңа лауазымды қызмет пайда болады. Вице-президент Парламенттің келісімімен, қарапайым көпшілік дауыспен тағайындайды. Оның өкілеттіктер аясын Мемлекет басшысы өзі айқындайды. Вице-президент Президенттің тапсырмасы бойынша халықаралық форумдарда және шетел мемлекеттерінің делегацияларымен жүргізілетін келіссөздерде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді, Парламентте Президенттің мүддесін қорғайды. Сондай-ақ Салық кодексіне өзгерістер енгізуі мүмкін. Қасым-ЖомартТоқаев шағым көп екенін жеткізіп, оны да қайта қарауды тапсырды.