Ұлттық құрылтай бастамаларын іске асыру аясында 26 заң қабылданды

Бұл осыған дейінгі өткен 4 жиынның нәтижесі.

Ұлтты ұйыстырған Ұлытауда Республика күніне ұлттық мәртебе берілді. Ал Түркістанда Қазақстанның халық жазушысы атағын қайтару, ономастика жұмысын жүйелеу сынды негізгі 11 заң қабылданды. Әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және балалар қауіпсіздігі, Есірткі тасымалдаушылар мен есірткі өндірушілердің жауапкершілігін саралау туралы түзетулер Атыраудағы жиында қаралды. Үшінші ұлттық құрылтайда бұдан бөлек тағы 6 заң түзетілді. Ал Бурабай баурайында қоғамдық орындарда бет-бейнені тануға кедергі келтіретін киім киюге қатысты әкімшілік жауапкершілік енгізу мәселесі қаралды. Сондай-ақ ЛГБТ мен педофилияны насихаттауға қатысты жауапкершілік енгізу сынды тағы 5 заңға түзетулер енгізілді. Қазіргі уақытта 10 заң жобасы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.