Конституциялық реформа - жаңғыруға бастар жол. Сауалнама

Мықты инфрақұрылым - ел экономикасының негізі.

Қызылорда жерінде өткен бесінші Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы жоғары технологияға негізделген, энергияны көп қажет етпейтін жаңа экономика құру үшін, ең әуелі, мықты инфрақұрылым қалыптастыру қажет екенін баса айтты. Ал Конституциялық реформалар елімізді жаңғырудың жаңа кезеіне бастамақ. Құрылтайда көтерілген өзекті мәселелерге көптің көзқарасы қандай?

Сауалнама:

- «Конституциялық реформалар туралы құрылтайда естідім. Конституциялық реформалар еліміз үшін өте маңызды рөл атқарады».

- «Әрине, Конституциялық реформалар жайлы естідім. Паралменталды жүйені өзгерту яғни Сенат пен Мәжілісті. Оны Құрылтай деп бір палаталы Парламент құрамыз деген ұсыныс болды».

- «Конституциялық реформа жайлы естідім және де заман өзгерген сайын заң да өзгеруі тиіс. Бұл реформаны қолдаймын».

- «Иә, Президент құрылтайда айтқан жаңа реформалар туралы естідім. Менің ойымша, бұл реформалар еліміздің дамуына және өзгертуіне сеп болады».