Қазақстандағы конституциялық реформа 

Жаңа Конституцияда Қазақстанның егемендігін, мемлекеттің біртұтастығына және аумақтық тұтастығын сақтау жөніндегі нормалар сақталады. 

Бұл туралы бүгін Конституциялық комиссия отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары, Конституциялық комиссияның мүшесі Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді. Оның сөзінше, жаңа редакцияда жаңа жалпыұлттық құндылықтар мен қазіргі заманғы сын-қатерлер ескерілген. Онда іргелі заңды қабылдаудың негізгі мақсаттары, қағидаттары, құндылықтары мен уәждері айқындалған. Мемлекеттің миссиясы, оның тарихи сабақтастығы мен қоғамдық бағдарды айқындайтын мәдени ерекшеліктері көрсетілген. Сонымен қатар «Конституциялық құрылыстың негізгі бөлімдері» де өзгеріске ұшырайды. 

Бақыт Нұрмұханов, ҚР Конституциялық Сот төрағасының орынбасары, конституциялық комиссияның мүшесі:

- Конституциялық құрылыстың негізгі бөлімдерінде мемлекеттің ұйымдастырылуын айқындайтын, егемендігін, аумақтық тұтастығын және өзге де аса маңызды қағидаттарын бекітетін іргелі ережелер көрініс табады. Жобада бұл бөлімде еліміздің құқықтық мәрбетесі мен жалпы келбеті анықталды. Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде танылады.