Маңғыстау облысында дәрігер жұмыс орнында көз жұмды
Жаңаөзенде ер адам дәрігерге пышақпен шабуыл жасап, медицина қызметкері жұмыс орнында көз жұмды.
Оқыс оқиға 28 қаңтар күні қалалық ауруханада болған. Күндізгі сағат 2 шамасында күдікті емдеу мекемесіне келіп, 29 жастағы дәрігер-терапевтпен сөзге келген. Алдын ала дерек бойынша, кикілжің отбасылық-тұрмыстық сипаттағы жанжалдан туындаған. Кейін күдікті полиция басқармасына өзі барып, жасаған қылмыстық әрекетін мойындаған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр.