«Qazaq Digital mektebi» жобасы іске қосылады

2026-2027 оқу жылында бірқатар өңірде «Qazaq Digital mektebi» жобасы іске қосу жоспарланған.  

Президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жоба аясында қосымша іс-шаралар кешенін қолға алу жоспарланған. Заманауи білім ордалары үшін Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары пилоттық өңірлер ретінде белгіленді. Жоба аясында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттардың негізгі пәндерін сапалы оқытуға арналған цифрлық платформа әзірленетін болады. Оқыту барысында жасанды интеллект құралдары қолданылады. Бұл үшін шағын мектептер қажетті жабдықтармен және интернетпен қамтамасыз етіледі.