Ұлттық қордан әр баланың шотына $130 түседі

«Ұлттық қор балаларға» бағдарламасы аясындағы төлемдер жас қазақстандықтардың шоттарына түсе бастады.

Ұлттық банктің мәліметінше, әрбір балаға 130 доллардан сәл астам қаражат аударылған. Қолданыстағы айырбас бағамы бойынша бұл 65 мың теңгеден асады. Төлем сомасы еліміздің инвестициялық табысына байланысты жыл сайын өзгеріп отырады. Биыл бағдарламаның жүзеге аса бастағанына үшінші жыл. 2024 жылы 100 доллардан төленсе, былтыр шамамен 130 доллар есептелді. Бүгінгі төлемді қосқанда, әр баланың шотындағы қаражат сомасы 370 доллардан асты. Бұл шамамен 190 мың теңге. Қаражат бала кәмелет жасына толғанға дейін жинақталады. Одан кейін оны тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе білім алуға жұмсауға болады. Былтыр «Ұлттық қор балаларға» бағдарламасы бойынша төлемдерді шамамен 7 млн бала алды. 

2024 ж. $100,52

2025 ж. $129,38

2026 ж. $130,71

3 жыл ішінде - $370,56 (инвестициялық кірісті ескергенде)

Қатысушылардың жалпы саны - 6 918 656 бала