Жаңа Конституция жобасымен таныстыңыз ба? Сауалнама

Жаңа Конституция жобасының алғашқы таныстырылымы жарияланды.

Жоба жарты жыл бойы азаматтардан, қоғамдық ұйымдардан, заңгерлер мен сарапшылар қауымдастығынан келіп түскен ұсыныстарға негізделіп, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелерінің пікірлеріне сүйене отырып әзірленді. Осы уақыт аралығында реформаға қатысты азаматтардан 2 мыңнан астам ұсыныс келіп түскен. Соның нәтижесінде Ата заңның барлық бөлімін қамтитын 77 бапқа өзгеріс енгізіліп, мәтіннің 84 пайызы жаңартылмақ, ал халықтың жаңа заңға деген көзқарасы қандай?

Сауалнама:

- «Жаңа Конституциялық заңнын өзгергенін көрдім. Мені бірінші кезекте қызықтырғаны адамның құқықығын қорғау. Бұл бірінші орында тұрғаны үшін өте қуаныштымын, осындай зайырлы мемлекеттік болғанымыз үшін қуаныштымын».  

- «Құрылтай сөзі бұрын тарихта болған сөз ғой. Біздің ол қазақи сөз болғаннан кейін қазақ елінде Парламенттің ауысып осылай «Құрылтай» болып өзгергені бізді қуантады».

- «Оны оқи алмадым әлі. Осы сіздермен кездескеннен кейін міндетті түрде оқып, таныса жатармыз енді».

- «Маған жаңа занда ұнағаны бұл адам және адам құқықтары мен оның бостандығы. Ен бірінші приоритетте тұрғандығы».