Елімізде газ саласын дамытуға 7,5 млрд доллар тартылады

Елде газ саласын дамытуға 7,5 млрд доллар инвестиция тартылады. 

Kazakh Invest қытайлық Джео Джейд Петролиум Geo-Jade Petroleum компаниясымен бірігіп «Созақ» кен орнындағы қиын өндірілетін және дәстүрлі емес газ қорларын игермек. Қаржы заманауи өңдеу және тасымалдау инфрақұрылымын құруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірлерді тұрақты газбен қамтамасыз етуге бағытталады. «Созақ» жобасын іске асыру газдың ішкі өндірісін айтарлықтай арттырады. Сондай-ақ оңтүстік өңірлердегі инфрақұрылымдық шектеулерді азайтуға және елдің дәстүрлі емес ресурстарды игеру үшін заманауи технологиялық база қалыптастыруға мүмкіндік береді дейді жауаптылар.