Шымкентте партия жастары тазалық акциясына қатысты

Шымкентте «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті. «AMANAT» партиясының белсенділері мен коммуналдық кәсіпорын ұжымы Абай ауданында тазалық жұмысын жүргізді.

Тұрмыстық қалдықтарды жинап, қураған ағаштарды кесті. Тазалық акциясы өтетін аумақ жергілікті тұрғындардың өтініші негізінде таңдап алынды. Табиғат жанашырларының айтуынша, атқаратын шаруа аз емес, сондықтан тазалайтын өзге де аумақтар алдағы жұмыс жоспарына еніп, бекітілді. Жалпы өңірде «Таза бейсенбі» шарасы дәстүрге айналған. Осыған дейін 100-ден астам акция ұйымдастырылып, нәтижесінде 80 тонна қоқыс шығарылды.

Абай Сырлыбаев, «AMANAT» партиясы филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты төрағасының орынбасары:

- Тазалық шарасы аясында эстафета өтеді. Мысалы, орталықпен бекітілген қаланың сырт жағында орналасқан трассаларды жинауға қатысамыз. Одан бөлек бізде «эко активити» өтеді. Ол жерде біз ағашты қалай егу бойынша, қандай гүлдер біздің экологияға жақсы сол бойынша мастер кластар өтеді.