Ауа райы: арқада қар борап тұр

Астанада қар борап, жолда қатер күшейді.

Көктайғақ. Осы себепті бүгін түстен кейін 9-сыныпқа дейінгі оқушылар мектепке бармайды. Қашықтан оқиды. Қазавтожолдың хабарлауынша, кешке Астанадан шығатын жолдың барлығы жабылуы ықтимал. Ал "Қазгидромет" күн суытып, жел күшейетінін хабарлады. Осыған байланысты жол қызметтері күшейтілген режимге көшеді. Қосымша күштер, төтенше жағдай бөлімшелері мен полиция қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.